Туған жиендерін зорлаған педофилге қатысты сот өкімі өзгеріссіз қалды

судҚостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциалық сот алқасы жас жеткіншектерді зорлаған 33 жасар Виталий Русскихке қатысты өкімді өзгеріссіз қалдырды.
Естеріңізге салсақ, өткен жылдың жазында Русских өзінің туған жиендері 12 жасар ұл бала мен 10 жастағы қызға сексуалдық зорлық жасаған.
Қостанайдың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының 12 қаңтардағы өкімімен В.Русских нәпсіқұмарлық пен зорлық жасауда айыпты деп талылды. Енді ол ерекше тәртіптегі колонияда 18 жылға жазасын өтеуге тиіс еді. Бірақ сотталушы ісін қайта қарау туралы шағым жазған болатын. Әрекетінде аса қауіпті қылмыстың қайталануы бар болғандықтан шағымы қанағаттандырылған жоқ. Сот өкімі өзгеріссіз қалып, заңды күшіне енді.
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓