Өзеннен ер адамның мүрдесі табылды
Қостанай облысында 24 жастағы жігіт судан ер адамның денесін шығарып алды, деп хабарлайды Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
«17 шілде күні сағат 01:30-да Меңдіқара ауданында 1994 жылы туған азамат Буденов ауылынан екі шақырым жерде, Тобыл өзенінен 1979 жылы туған ер адамның денесін шығарып алған», – деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі.
Департамент өкілдерінің айтуынша, ер адам шомылуға болмайтын жерде суға түсіп, батып кеткен.