Қауіпсіз сенбілік

Сәуір айында Қостанай облысының елді мекендер аумағында, сондай-ақ мекемелер, ұйымдар аумақтарын абаттандыру және тазалау бойынша сенбіліктер өтеді. Осы кезеңде жер-жерлерде қоқыстарды және құрғақ шөптерді тұтату  салдарынан өрттердің болмауы бақыланады.DSC_0025
Сенбіліктер жүргізу кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін ұмытпау қажет. Тұрғындар қоқыстарды шығарғылары келмей, оларды құрылыстар, тұрғын үйлер, қоршаулар, көлікжайлар, автокөліктер маңында тұтатады.  Жанып жатқан алауларды қараусыз қалдырады. Салдарынан тұрғын үйлер, аула құрылыстары қауіп құрсауында қалады.  Көктемгі маусым – өте өрт қауіпті кезең. Шағын көмірден немесе ұшқыннан тұтану туындауы мүмкіндігін ескеру қажет, ал желді ауа райы оттың одан әрі өсуін жеделдетуі мүмкін.DSC_0352
 
DSC_0362Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері өрттердің туындау ықтималдығын төмендету мақсатында  заңнамалық бұзушылық кезінде әкімшілік айыппұлдар туралы тұрғындарға түсіндіру, алдын алу рейдтерін жүргізеді, сондай-ақ негізгі өрт қауіпсіздік ережелері мен жедел қызмет телефондары барын ескертеді.DSC_0365
 
DSC_0379Тұрғын үйлер, ұйымдар, мекемелер, ауылшаруашылық кәсіпорындар, мал шаруашылықтарының аумақтарын тез тұтанатын қоқыстардан, құрғақ шөптерден тазарту және оларды арнайы  орындарға шығаруды ұсынамыз. Есте сақтаңыздар, құрғақ шөпті тұтауға тиым салынған! Егер сіз шөпке от тигенін анықтасаңыз, оны өзіңіз сөндіріп көріңіз. Шағын өртті аяқпен басып тастауға, құм сеуіп өшіруге,  жапырақты бұтақтармен сөндіруге болады. Егер өрт жылдам таралып ірі көлемді алып бара жатса, оны  өз бетіңізше сөндіруге әрекет жасамаңыз, тез арада болған жайт жөнінде 101 телефоны арқылы өртке қарсы қызметіне, немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.
Азамат Орымбаев,
 Қостанай облысы ТЖД
бастығының орынбасары

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓