Моральдық залал өндірді

Қостанай облысының Рудный қалалық соты өндірістік жарақаттан қаза тапқан жұмыскер отбасының “Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі” АҚ-нан моральдық залал өндіру туралы шағымы бойынша азаматтық істі қарады.431ab0d2ffe45d8b04f94fdc652a901d_bigІс материалдары бойынша, азамат Е.Юсупов 2014 жылдың 5тамызында өзінің еңбек міндеттерін атқару кезінде, яғни электр беру желісі опорасын бөлшектеу жұмыстарын жүргізу барысында тоққа түскен. Өндірістік жарақат алған акционерлік қоғам жұмыскері оқиға орнында қаза табады.
Жазатайым оқиғаны арнайы тергеу актісіне сәйкес, жұмыс берушінің кінәсі толығымен дәлелденген. Болған оқиғадан кейін жұмыс беруші ерікті түрде қаза болған жұмыскердің отбасына материалдық көмек көрсетіп, 1 982 000 теңге төлеген.
Моральдық залал мөлшерін белгілеу кезінде сот әділдік пен жеткіліктілік ұстанымдарын басшылыққа алды.
Сот қазаға ұшыраған жұмыскер отбасының талап арызын қанағаттандырып, жауапкерден 500 мың теңге моральдық залал өндіру туралы шешім шығарды.    
 Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Қ.МАРАТҚЫЗЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓