“Мейірімді панда” “Көк китке” қарсы
ВКонтакте желісінде пайда болып, әлеуметтің жағасын ұстатқан "Көк кит" ойыны туралы жұрт әлі ұмыта қоймаған шығар. Жасөспірімдердің психикасына әсер ету арқылы өз-өздеріне қол жұмсауға итермелеген сорақы ойын бұғатталғалы көп болған жоқ. "Қызықты" айналымдарға өту үшін қаншама жеткіншектің білектеріне ұстарамен киттің суретін салғаны туралы ақпарат шықты. Тіпті, ойынның басты ережесін "орындап", суицид жасаған жастар жайлы қайғылы хабарлар ел ішін кезді…
Жасөспірімдерді әлеуметтік желіге тәуелділіктен қайтсе арашалауға болады? Әрине, қазіргі заманда бұл мүмкін еместей. Әрі кетсе, желілерге қатаң қадағалау жасау ғана амал болып көрінеді. Бейәдеп бейнелер мен қаскүнемдік астардағы ойындардан мүлдем арылу қажет-ақ. "Қарабалық еріктілері" бастамашы тобы мен жастар ресурстық орталығының белсенділері осы ойды іске айналдыруды жөн деп таныпты. "Синий кит", "Тихий дом" сынды ойындардың мейірімді әрі пайдалы баламасы керек деп шешкен олар "Мейірімді панда" интернет-ойынын ойлап тапты. Мұнда да отыз шақты тапсырма бар. Әр күн сайын бұл қауымдастықтың қатысушылары мейірімді панданың жаңа тапсырмасын орындап отыруы тиіс. Олар аса қиын да емес: үш игі іс жасау, үй-күйсіз жануарларды тамақтандыру, зейнеткерлерге көмектесу, шынайы әлемді суреттеп беру және өзгелері. Тіпті, ойынның тартымын арттыра түсетін юморлы тапсырмалары да бар. Жақында ғана қолданысқа берілсе де жастар бірден ықылас білдірген. Қазір қауымдастықта жүз шақты қатысушы бар. Олар тек қарабалықтық жасөспірімдер ғана емес, Беларусия, Екатеринбург, Троицк, Астана, Алматы қаласынан тіркелгендер көптеп саналады.
– Біз тіпті ойынның мұндай жеделдікпен сұранысқа ие боларын болжамап едік, – дейді ұйымсатырушылар. – Ойыншылар тізімі күн сайын жаңарып отырады, өйткені қатысушылар егер тапсырманы тәулік ішінде орындай алмаса (шарт бойынша, бейне есеп жасауы керек), ойыннан шығады. "Мейірімді панда" 1 наурызда іске қосылды, ай аяғында бәрі бірдей тапсырма алады. Мұнда сыйлықтар жоқ, себебі ең басты мақсат – жаңа достар тауып, әлемге мейірімді көзбен қарауға машығу. Наурыз айында жоба аяқталмайды, жаңа қатысушылар үшін ойын жалғасады.