Телефон алаяқтары 500 мың теңге табыс тапты
Телефон алаяқтарынан зардап шегушілер азаяр емес. Азаматтарға ұдайы ескерту жасалғанымен, жерлестеріміз алаяқтар қақпанына түсіп жатыр.
17 мамырда Рудный қаласының 68 жастағы тұрғынынан хабарлма келіп түскен. Ол полиция қызметкері ретінде өзін таныстырған белгісіз ер адамға ұлын босатқаны үшін 70 000 теңге ақша бергенін хабарлаған. Мұның алдында 72 жастағы зейнеткер де үйіне телефоншалған біреуге 50 000 теңгесін ұстатып жіберген. 65 жастағы ер адам осы тәсіл бойынша белгісіз ер адамға аялдамада 270 000 теңгесін берген. Жәбірленушілер ақшаларын бергененен кейін балаларына қоңырау шалған. Бұл олардың басты қателігі десекте болады.
Егер сізге осындай қоңырау келіп түскен жағдайда, тез арада полицияға, 102 телефонына хабарласуыңыз қажет. Жыл басынан бері облыста осындай 50 дерек тіркелді. Алаяқтардың дені өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Осы орайда тәртіп сақшылары абай болуға және алаяқтардың алдауына түспеуге шақырады.
Махаббат Бекбай