Қос ел көлік құрастыруды қолға алмақ

Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев екіжақты кездесу өткізді. Қазақстан Президенті өзбек әріптесінің қазақ еліне үлкен бизнес делегациямен де келіп отырғандығын баса айтты. 20170323113844-Біздің қабылдайтын, қол қоятын құжаттарымыздың барлығы екі елдің арасында жаңа белес, жаңа жол ашады деп санаймын. Келген жолыңыз ақ болсын!. Сіз келгелі 5 айдың ішінде екі елдің арасындағы сауда-саттық 30 процентке жоғарылады. Көп мәселелерге қол жеткіздік,-деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, ҚР Президенті келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға екі елдің үкіметі жедел кірісіп кеткендігін атап өтті. 2b215c6b361ee53b60526a19a5500083-Сауда үйлері ашылды, елдеріміз арасында өзара тауар жеткізу номенкулатурасы ұлғайды. Көлік, энергетика, ғарыш, туризм салалары бойынша өзара іс-қимыл жанданып келеді. Автомобиль құрастыру саласында бірлескен инвестициялық жобалар іске асыру үшін маңызды жұмыстар жүргізілді. Оған келіссөздер арқылы қол жеткізілді. Біз әлі де ілгерілеп, өзара тиімді ынтымақтастық қарқынын арттыра түсуге тиіспіз,-деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Дәл бүгін Өзбекстандық "АҚ ДжиЭм" көлігін Қазақстанда құрастыру үшін арнайы келісімге "Сарыарқа АвтоПром" ЖШС-нің директоры С.Могилатов пен  "АК" Узавтосаноат" басқарма төрағасының орынбасары Р.Юсупов қол қойды.
 
Қазақпарат
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓