Қызу дайындық үстінде
Қостанайлықтар Наурыз мейрамына арналған мерекелік қойылымды облыстық әкімдік алдында бір пысықтап алды. Бұл туралы "КН" газетінің сайты хабарлайды. Іс-шараға қатысушылар зор ықыласпен дайындалып жатыр. Ұйымдастырушылар концерттік бағдарлама туралы мардымды ешнәрсе айтпады. Сөздерінше, бұл мереке қарсаңында тұрғындар үшін жақсы тосын сый болмақ.Бар білеріміз, әуелі, театрландырылған қойылым мен хор әншілері өнерлерін паш етпек. Іс-шараға тек кәсіби өнерпаздар ғана емес, мектеп пен колледж шәкірттері де атсалысып отыр. Мерекелік жобаға бас-аяғы 200 адам қатысып отыр.
Суреттер kstnews.kz сайтынан алынды.