Левит жеңіске жетті

Василий Левит Германияның Галле қаласында өткен кіші әлем чемпионатына баланатын халықаралық турнирде топ жарды.
91 келі салмақ дәрежесіндегі ақтық айқаста Левит ресейлік Владимир Узунянмен кезздескен болатын. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша, отандасымыз төрешілердің бір ауыз төрешімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.3f6ebf215f51f979c219e0e6224114d2_resize_w_520_h_Аталған турнирде тағы да үш бірдей боксшымыз алтын жүлде олжалады.
Тарқатып айтсақ, 52 келіде өнер көрсететін Азамат Исақұлов финалда ресейлік Овик Оганесяннан 4:1 есебімен айласын асырса, 75 келідегі Әбілхан Аманқұл голландиялық Макс ван дер Пасты үшінші раундта техникалық нокаутпен үстем түссе, аса ауыр салмақтағы (+91 келі) былғары қолғап шебері Қамшыбек Қоңқабаев украиналық Андре Городецкиді 5:0 есебімен жеңді.
Тағы бір отандасымыз, 69 келі салмақта сынға түскен Абылайхан Жүсіпов финалдан германиялық Аббас Бараудан 1:4 есебімен жеңіліп қалды.
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓