Былтырғы жағдай қайталанбас үшін…
2016 жылғы су тасқыны Қостанай ауданына жақсылық әкелген жоқ. Шишкин ауылдық округі Суриков ауылында 20 үй, 25 аула суға басылды. Тасқын аймағынан 55 адам, сонымен қатар 293 мал басы эвакуацияланды.Сондықтан, биылғы жылы осындай жағдайды тудырмау үшін, Суриков ауылында 11 наурыз күні Қостанай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аулаларды аралап шықты. Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздіктен басқа, Суриков ауылы тұрғындарымен пешті жағу және электрлік құрылғыны қолдану жайлы өртке қарсы қауіпсіздік ережесі түсіндірілді.
Аралап шығудың ең басты мақсаты, тұрғындарды су тасқыны кезіндегі қауіпсіздікті сақтау ережесі ақпараты болды, осы ауылда тұрақты тұратын тұрғындардың тізімі жаңартылып, мал басы мен үй құстары саны анықталған. Осы мәліметтер тез эвакуациялауды қамтамасыз ету және адамдармен малдардың өлімін болдырмау үшін керек. Қазіргі таңда ауылдың 34 үйінде 119 адам тұрып жатыр, малдың жалпы саны – 369 мал басы (230 ірі мал, 118 шошқа, 9 жылқы, 12 қой), үй құсы саны – 238(224 тауық, 10 қаз, 4 күрке тауық).
2016 жылы қар суының дұрыс кетуіне байланысты дайындық жұмыстары жүргізілді. Суриков ауылында ұзындығы – 1 км, жалпақтығы – 2 м, тереңдігі – 2 м ағаш бөгеті шығарылған. Эвакуациялау жағдайда, тұрғындарды: Шишкин орта мектебі, бұрынғы Суриков бастауыш мектебі, жатақхана (КХ «Абиль») орындары белгіленді.Малдарды уақытша орналастыру үшін «Шиндавлетов» ЖК базасы бөлінді.
Сонымен қатар, тұрғындармен Қостанай ауданының әкім орынбасары М.А. Сокитбаевтың төрағалығымен және Шишкин ауылдық округі әкімі, коммуналдық қызмет жетекшілері қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналыс тақырыбы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық және қауіпсіздік ережесін сақтау болды. Тұрғындармен проблемалық мәселелер және олардың шешілу жолдары талқыланды.