Мұз үстінде – әуесқойлар

Осы аптада әуесқой балықшылар сайысқа түсті. Жыл сайын өтетін қалалық турнирге 80-нен астам спортшы қатысты. Ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының спорттық балық аулау федерациясы. Басты мақсаты – қалада тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің бірлігін нығайту. Жарыс Аят өзенінде өткізілді. Күннің суықтығына қарамастан қармақ салуға келген спортшылардың бәрінің көңілі көтеріңкі.rybalka2
– Қыстыгүні балық аулау оңай шаруа емес. Шеберлік пен ептілікті қажет етеді. Турнирге келген барлық балықшылардың тәжірибесі мол, – деді Қостанай қаласының тұрғыны Ерлан Қабатаев.
Барлық қатысушылар талап бойынша өздерімен бірге балық аулайтын керек-жарақтарын алып келді. Мұз үстіндегі ойықтың арақашықтығы 5 метрден кем емес болды. Балық аулау 4 сағатқа созылды. Жеңімпаз – Ренат Ыстыбаев. Оның ұстап алған бірінші балығының салмағы – 210 грамм. Сүрен Байкин мен Батыр Көңкебаевтардың да қолы қапқыш екен. Жалпы гәтиже бойынша "Кеңарал" командасы бірінші орынды иеленді. Жекелей сында Рудныйдан келген әуесқой Владимир Порядченконың жолы болды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓