Шаруашылық нысандары жаңартылмақ

Қостанай жылу-энергетикалық компаниясы жазғы маусымға әзірлік жұмыстарын пысықтады. 10 қазандық пен 2 су қозғалтқыш толықтай жөндеуге алынды. 1,7 км жылу өтетін құбыр жаңаға ауыстырылған. Қостанай-2 ауданындағы және №3 жылу қазандықтары да жөнделетін болады.  ebd35d3cafbc2405Құбырлар жоғары қысыммен сынақтан өткізілді. Соның нәтижесінде олқы тұстары анықталып, олардың кем-кетігі қалыпқа келтірілді. Еске салайық, былтыр жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жөндеуге қыруар қаржы бөлінген. Қалада 16 шақырымға жуық ауыз су құбыры жаңартылды. Су желісін ауыстыру жұмыстарының басым бөлігі қаланың негізгі деген көшелерінде жүргізілді. Ал жұмасалған қаржы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде қарастырылған. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Қостанай облысы бойынша филиалының директоры Бірәлі Мырзабековтің мәлімдеуінше, тұрғындарды сапалы және үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету үшін биыл құбырларды жаңарту жұмыстары көктем аяғына дейін басталмақ.IMG_1371
– Жалпы, су-кәріз жүйесін жөндеуге республика қазынасынан қомақты қаржының бөлінуі ескі құбырлар проблемасын азайтпақ. Нақтырақ айтсақ, қаланың негізгі көшелеріндегі үлкен диаметрлі су құбырлары және тозы жеткен тағы бірнеше қазандықтар ауыстырылды. Магистральді құбырларды ұзақ уақыт пайдаланғаннан кейін тот басып, ғылыми тілмен айтқанда,  гидроизоляциялық жабынның бұзылуының жоғары деңгейіне жетуі мүмкін. Бұл бір жағынан, топырақ қабаттарының бұзылуына әкеп соқтырады және оның салдарынан, құбыр биіктігі өзгереді. Сондықтан да, кейін қиындық тумауы үшін оларды ертерек ауыстырған жөн, – деді Бірәлі Мырзабеков.IMG_9802
Қыс біте салысымен әзірлікке кіріскен сала мамандары түрлі пішіндегі 530 құбырды орнатқан. Ұзындығы шамамен 1100 метрден асады. Бұл жалпы жұмыс көлемінің 50%-ын құрайды. Жұмыс сапасының жоғары болуы жаңа заманғы құрылғыларға байланысты дейді сала мамандары. Ал оларда қондырғылар тапшылығы байқалмайды.w6w2ZHms0GyDjx6UNezgfSt40caxpE
Тұрғын үй шаруашылығы саласына білікті мамандар қажет. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылғын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ жыл сайын «Тұрғын үй шаруашылығы саласы мамандарының біліктілігін арттыру» бюджеттік бағдарламасын жүзеге асырады. Аталған бағдарлама аясында ағымдағы жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы мамандарының біліктілігін арттыру курстары өткізілуде. Бұл курстар ТКШ саласы бойынша қызмет көрсетудің жоғарғы сапасына қол жеткізуге мүмкіндік жасайды деп отыр сала басшылары.   Басты мақсат – тұрғын үй қорын басқарудың тиімділігін арттыру, өңірлерді дамытудың бағдарламасы аясында көппәтерлі тұрғын үйлерде күрделі жөндеу жұмыстарын жасауды ұйымдастыру тетіктерін түсіндіру, сонымен қатар тұрғын үй саласында энергияны үнемдеуді насихаттау.
 
Қасқырбай Қойшыманов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓