COVID-19: тағы бір адам
Жітіқара қаласында коронавирус инфекциясын тағы 1 адам жұқтырды.
2001 жылғы жігіт аталған індетке шалдыққан адаммен қарым-қатынаста болғандықтан ауруханаға жатқызылған. ПТР диагностикалық сараптамасының нәтижелері бойынша одан COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес, тиісті ем шаралары жүргізіледі.
Науқаспен байланысқан адамдар анықталып жатыр. Ошақтарда зарарсыздандыру жұмыстары атқарылуда.
Осымен Қостанайда облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 62-ші адам тіркеліп отыр.