Жұрт жәрмеңкеге асықты

Жылдың бірінші жәрмеңкесіне бас-аяғы 87 тоннадан астам өнім әкелінді. Облыстың 11 ауданы мен қаласынан 130-ға жуық тауар өндіруші қатысты. Әдеттегідей тауар бағасы базардағыдан 15-20 пайызға төмен болды.IMG_0250
Жәрмеңкеге жиылған жергілікті жұрт жұмыртқа мен сұйық майға, қант-шәй мен көкөністерге ұзын-сонар кезекке тұрды. Сондай-ақ, бұл жолғы жәрмеңкеде ет сатушылардың табысы мол. Жылқы мен сиыр еті көзді ашып-жұмғанша өтіп кетті. Айта кетейік, сөрелерге барлығы 25,9 тонна ет өнімі қойылды. Жылқы еті – 1500, сиыр еті 1150-1250 теңгеден сатылды. Шошқа етінің келісі 1050 теңгеден, құс еті 700-900 теңгеден саудаланды. IMG_0253
– Мен 6 жыл бойы сиыр етін сатып келемін. Түлікті Науырзымнан және іргедегі Рыспай ауылынан алдырамын. Бұқара игілігі үшін жасалып жатқан жәрмеңкелерден қалыс қалған емеспін. Негізі үлкен қала болған соң, мұндай ауқымды шараларды үш-төрт жерден өткізген дұрыс. Бұл – көптеген тауар өндірушінің ұсынысы, – дейді кәсіпкер Түсіпқали Байжұманов.IMG_0244
Сонымен қатар, қалалықтар балық, көкөніс, бакалея өнімдерін осы жәрмеңкеден тапты. Мәселен, сазанның келісі 470-540 теңге аралығында болды. Жергілікті «Жас Қанат» кәсіпорны мен «Север Птица» АҚ 10 жұмыртқаны 200-210 теңгеден сатты. Жәрмеңкеге 10 тонна қант қойылды. Бағасы да қалтаны жұқартпайды – 155-165 теңге аралығында.    
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓