Өңірде жемқорлық азаймай тұр
Облыстық мәслихаттың бесінші сессиясында депутаттар өңірдегі жемқорлыққа қарсы іс-қимылды талқыға салды. Жалпы, күн тәртібінде 16 мәселе қаралса, соның үшеуіне арнайы баяндама жасалды.Алғашқы болып ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің Қостанай облысы бойынша агенттігінің басшысы Берік Бекжанов сөз алды. Ол Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының іске асуы мен Қостанай облысындағы көлеңкелі экономиканың алдын алу жөнінде егжей-тегжейлі түсіндірді. Бұған қарамастан, өңірде заңсыз әрекеттер азаймай отырғанын айтты. Керісінеше белең алып келеді.
-2015 жылы 45 адам жемқорлыққа жол бергені үшін құрықталса, бүгіндері бұл сандар еселене түскен. 2016 жылы 58 қылмыскер анықталды. Қарап отырсаңыз, 22 пайызға өскен,-дейді Б.Бекжанов.
Бұл түйіткілді мәселеге облыс прокуроры Марат Қайбжанов та екпін түсіре кетті. Оның ойынша, мекеме басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық амал-шарттарды орындамайды. Қайта өздері сол әрекетке итермелейтін сияқты деп,өз күдігін білдірді.
Сондай-ақ, Марат Жолмағанбетұлы қала және аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары жемқорлыққа қарсы істелген іс-шаралар туралы жылына бір-екі рет халық алдында есеп берсін деп ұсыныс тастады.
Ал, Берік Бекжановтың айтуынша, сыбайластықтың көп тараған жерлері: әкімдіктер және ведомствалық мекемелер (20 құқық бұзушылық, 39%), ішкі істер мекемесі (16 құқық бұзушылық, 31%) және әділет органдары (4 құқық бұзушылық, 8%).

Кенже ҚОНЫСБАЙ