ХҚКО жұмыс уақыты қысқарды

Қостанай облысында Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс кестесін уақытша өзгертті. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің 4 шілдедегі №36 бұйрығына сәйкес, ХҚКО азаматтарды сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін қабылдайды. Ал сенбікүні орталықтар жұмыс істемейді.f45bdd38-7cd7-4789-813c-4736071d7ee3
«Енді Қостанай облысының барлық ХҚКО-лары сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істейді. Қазір Қостанай қаласындағы осындай орталықтар жаңа форматта жұмыс істеуде. Тек «қағаз» қызметтері ұсынылады, азаматтар электрондық қызметтерді өз бетінше немесе egov арқылы ала алады. Сіз қызметтерді Қостанайдағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан кезекке алдын ала тапсырыс бергеннен кейін қол жеткізе аласыз. Сонымен қатар, кезекті брондау кезінде уақыт автоматты түрде порталда да, телеграм ботында да 9.00-ден 19.30-ға дейін беріледі.
Назар аударыңыз! Жаңа кестені ескере отырып, Қостанай қаласының мемлекеттік қызметтер бөлімдерінде қызметтерді алу үшін сағат 9.00-ден 15.30-ға дейін кезекке тапсырыс беру қажет. Кейінірек брондау жарамсыз болып саналады. Ал  сенбі күні брондау амалын жүзеге асыра алмайсыз», – деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының PR-менеджері Ярослава Богатырева.
Кезекке бірнеше тәсілмен тапсырыс беруге болады: egov.kz электрондық үкімет порталындағы арнайы қызмет арқылы, 1414 нөмірі немесе EgovKzBot 2.0. Telegram bot көмегімен.
Санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарды сақтау үшін медициналық міндетті түрде маска киіп, денсаулық сақтау орталықтарына баруға болады. Әлеуметтік қашықтықты сақтау да қаперіңізде болуы тиіс.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓