Кен алыбында – жаңа басшы

«ССКӨБ» кәсіпорнына жаңа басшы тағайындалды. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің шешімімен жаңа лауазымға Валерий Гриненко лайық деп табылды. Бұл туралы бірлестік активімен өткізілген жиында ERG директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич мәлімдеді.123706564_717405142461385_3518225763114108947_n"ССКӨБ" АҚ-ның ынтымақты, табанды ұжымының алдынан жаңа мүмкіндіктерге, тыі мақсаттарға жол ашылғалы тұр. Кәсіпорынға ауыр дағдарыс кезеңінде басшылыққа келіп, оның ісінің ілгерілеуіне сіңірген еселі еңбегі үшін Береке Сағатұлына шын жүректен алғыс айтамын. Бүгінде бірлестіктің әлеуеті әлдеқайда артты. Сіздің тәжірибеңіз бен білігіңіз біздің Топқа әлі талай жыл азық болады. Ал жаңа басшыға аса нақты міндет қоямын – өнімнің тиімді өсімі мен оның өзіндік құнын төмендетуді талап етемін. Сіздің осы үдеден шығарыңызға күмән келтірмеймін",  – деді А.Машкевич. 123737166_717405272461372_3412098441155249755_nВалерий Иванович еңбек жолын 1984 жылы Никополь ферроқорытпа зауытында көрікші болып бастаған. 2016 ж ылдан бастап осы уақытқа дейін «ЕЭК» АҚ президенті қызметін атқарып, компанияның дамуына сүбелі үлес қосты.123750096_717405212461378_974235554529686667_nОсы уақытқа дейін «ССКӨБ» АҚ президенті болып жұмыс істеген Береке Мұхаметқалиевтің Еуразиялық Топта табысты еңбек етіп келе жатқанына 20 жылдан асты. Оның басшылығымен 2017 жылы «Ақылды кеніш» жобасы іске қосылған еді. Жаңашылдық нәтижесінде кәсіпорын шығаратын өнімнің экономикалық тиімділігі артты.123625169_717405305794702_9059707722632373135_nЖиын соңында Береке Сағатұлына акционерлердің қолы қойылған алғыс хат табысталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓