Мұсылмандарға ең қолайлы жағдай жасалады

Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесіне келетін мұсылмандар үшін өте ыңғайлы жағдай жасау жоспарланып отыр. Бұл туралы «Астана конвеншн бюро» ЖШС-ның директоры Санияр Əйтекенов мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. экспо«Біздің компания Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасымен бірге жақын арада «Халал-френдли»  бағдарламасын іске қосады. Бағдарлама Таяу Шығыстағы мұсылман елдерінен келетін туристерге бағытталған. «Халал-френдли» бағдарламасы қаламызда мұсылман туристерге жағдай жасауға бағытталған. Дəлірек айтсақ, ЭКСПО көрмесіне келетін туристерге арналған мейрамханалар мен қонақ үйлерге «халал» стандартын енгізу бағдарламасы», – дейді Санияр Əйтекенов.
Ол сондай-ақ əлем бойынша саяхаттайтын мұсылман туристердің саны жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. 2014 жылы мұсылман туристер əлемнің туризм саласына 145 млрд доллар пайда түсірген.
«Егер мұсылмандардың көбі экономикасы қарқынды дамып жатқан елдерде өмір сүріп жатқанын ескерсек, 2020 жылға қарай мұсылман туристердің саны 150 млн адамға жетеді деп болжанып отыр. Мұсылман туристер қонақ үйлер мен қызмет сапасына өте байыппен қарайды. Сондықтан, бизнесмендермен бұл бағытта əлі əңгімелесу керек»,-дейді компания басшысы.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓