Қытайлық кәсіпкерлер – Қостанайда
Бүгін облыс әкімі Нұралы Садуақасов ҚХР-ның Zhongfu Investment Group Limited Company белгілі инвестициялық компаниясының делегаттарын және Алматы қаласындағы «Kaz Grain Food Almaty» ЖШС-нің өкілдерін қабылдады.
Кездесуге LI Qifeng (Ли Чифэнг), Liu Liqiang (Лю Личиан) атты аталған қытайлық компанияның белді өкілдері қатысты. Маңызды басқосуға «Kaz Grain Food Almaty» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Сергей Карплюк, ауылшаруашылық басқармасының бастығы Байбосын Мурзин, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жетекшісі Ерлан Спанов шақырылған.
Тараптар өзара қызметтестік төңірегіндегі мәселелерді талқылады. Облыстың агроөндірістік кешеніне қытай инвесторларының қаржы құймаққа ниетті екендігі сөз болды. Сондай-ақ, майлы дақылдарды мұқият өңдеуге мүмкіндік беретін жоғары сапалы компанияның іргесін қалау жоспарлары ортаға тасталды. Көзделіп отырған инвестиция көлемі, шамамен, 500 млн.долларды құрайды.
Облыс басшысы атап өткендей, Тобыл өңірі соңғы жылдары жергілікті өндіріс есебімен өсімдік майы тапшылығын жөнге салған. Бүгінде өндіріліп жатқан өнімнің 30%-ға жуығы экспортқа шығарылуда. Сондай-ақ, өлкеміз алдағы уақыттарда майлы дақылдар егуге арналған алқап ауданын ұлғайтуға әлеуеті жеткілікті. Биыл майлы дақылдар тұқымы себілген телім ауқымы 360 мың гектарды құрады.
«Біз сіздермен әсіресе осы ауыл шаруашылығы саласы арқылы қызметтес болуды көкседік,-деді Ли Чифенг.-Қытайда май өндірісінің 80%-ы импорттық ресурс ретінде іске асады. Үкіметтің екпін қойғанына қарамастан, бүгінгі таңдағы азық-түлік майының тапшылығы 20%-ды құрайды. Қытай үкіметі өсімдік майы өндірісін күшейту турасында шешім қабылдап отыр. Сондықтан, біздіңше, осы бағытта инвестиция құюға ең лайық таңдау – осы Қостанай облысы».
Zhongfu Investment Group Limited Company қорының бағамдауынша, облыста зығыр дақылын егу, өңдеу, қалыпқа келтіру ісімен айналысатын іргелі қазақстандық кәсіпорын негізі қаланады. Пайда болатын бос жұмыс орындарын жергілікті ғана мамандар толтырмақ.
Басқосуда қос тараптың қызметтестігі туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл, әрине, алпауыт мақсаттарға алғашқы қадам жасатқан әрекет.
«Біз қызметтестікке даярмыз. Тек ниеттің нақтылығына ден қою керек. Жергілікті біздің мамандармен тәжірибе алмасатын жұмыс тобын құруларыңыз керек деп ойлаймын. Жыл сайынғы инвестиция түсімі көлемін, өндіріс ауқымын айқындап отыратын бағдарлама құру қажет»,- деп сөз түйіндеді өңір басшысы.
\

Жандос Жүсіпбеков