Жастарды қолдаудың жаңа жоспары

Қазақстанда жастарды қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары таныстырылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. жастар«Бүгінгі таңда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, сонымен бірге жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, жастарды қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарының жобасын әзірлеп жатыр. Осы жылдың қараша немесе желтоқсан айларында Орталық коммуникацялар қызметінің алаңында біз оны таныстырып, әр пунктін түсіндірсек дейміз. Ең бірінші кезекте жұмыс бағдары 2015 жылы қабылданған мемлекеттік жастар саясаты туралы заңды жүзеге асыруға бағытталады. Ол заң жастарды қолдау мен жастар саясатын орталық және аймақтық деңгейде жүргізу бойынша 10 бағыттан тұрады. Егер нақты бір ұсыныстар болса жастар ісі жөніндегі комитет арқылы оны біз кешенді жоспарға енгізуге дайынбыз», – деді Асхат Оралов онлайн режимде «Болашақ» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Жастар және инновациялар» форумында.
Вице-министрдің айтуынша, жұмыс жастардың жасы бойынша реттеледі. Себебі ҚР заңына сәйкес жастар санатына 14-28 жас аралығындағы азаматтар кіреді.
«Біз мектептерде оқитын 14-18 жастағы балаларға, 18-22 жастағы студенттерге және жұмыс істейтін 23-28 жастағы азаматтарға арнап айқындалған шараларды әзірлейміз. «Болашақ» қауымдастығының бастамасымен жоспарға шетелде оқитын жастарға арналған «Атамекен» атты жоба қосылады», – деді ол.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓