Айнадай жалтырап тұр
Сарыкөлдің іргесінде орналасқан Сорочин ауылдық округінде абаттандыру жұмыстары ауқымды түрде атқарылып келеді.

-Алда әлі де атқарылар жұмыстар жетерлік. Ауламызды абаттандырдық, енді үйімізді де ретке келтіру керек. Жұбайым сәулетші, құрылысқа жаны құмар. Ол шатырды ауыстырып, бөлмелерді жөндемекші. Ауылдықтар да біз секілді, өз жұмыстарын өздері реттейді, – дейді Людмила Юрьевна. Еңбексүйгіш бұл Мыскивтер отбасы былтырғы ауыл күнінде «Үздік аула» атты байқаудың жеңімпазы атанып, ауыл әкімінің мадақтама қағазымен марапатталған.
Мінеки, осындай бірлікті ту еткен тұрғындардың арқасында ауыл іші айнадай жалтырап тұр.
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы