Бизнеске арналған басқосу

Аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталығында «Мықты бизнес – қуатты Қазақстан!» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті.
Бизнеске арналған басқосуОған аудандағы жеке кәсібін жаңа бастаған және бұрыннан өз ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер қатысты.  Жиында қозғалған негізгі мәселе «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын түсіндіру болды. Кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшісі Нұрлан Бекмағамбетов «БЖК – 2020» бағдарламасының басым бағыттарына толығырақ тоқталды. Яғни, субсидияландыру, кепілдік қаржыландыру, өз бизнесін ашу төңірегінде әңгімеледі. Басқосу барысында жергілікті тұрғындардың бизнеске қатысты сауалдары да аз болған жоқ.  Мәселен, Маяк ауылдық округінің тұрғыны, кәсіпкер Қайрат Буржакбаевты бизнес-жоспарды құру мәселесі толғандырады екен. Оның айтуынша, кәсібін енді бастағандарға ең қиыны да осы болып отыр.
Сондай-ақ, бизнеске арналған басқосуға қатысқандардың бәрі несие рәсімдеу барысында кездесетін мәселелер мен кепілдік қою туралы кеңінен талқылады.
 
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓