Рамазандағы қайырымдылық

Қазіргі таңда елімізге ана мен баланың денсаулығына, оларды толғандыратын мәселелерге айрықша назар аударылып жатқандығы ешкімнен де жасырын емес.20170529_120642Сондықтан да бұл маңызды жайларға өңіріміздегі мешіт қызметкерлері де айрықша назар аударуда. Соның жарқын мысалы ретінде Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Бектұрсын Уәлиев пен Қыздар және әйелдер секторының ұстазы Диана Қайырбекқызы Қасиетті Рамазан айында қалалық перзентханада болып, осы Оразаның алғаш күні дүниеге келген Ризат есімді сәбиге азан шақырып, ат қойды. Мешіттің арнайы куәлігін табыс етті.20170529_122355Сонымен қатар перзентхадан шығарып алып, қазіргі уақытша баспанасы яғни «Ана мен бала» орталығына келді. Мұнда сәбиге арнайы бесік сыйға тартылды. Нәрестенің анасына қажетті басқа да заттар тапсырылды.
Бұл күндері «Ана мен бала» үйіндегілер өздеріндегі уақытша мекендейтін өзге де аналар мен балаларға қолдан келген қамқорлықтарын жасауда.20170529_122630

 ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓