“Еркін пікірде” – жастар мәселесі
"Нұр Отан" партиясының Арқалық қалалық филиалында Жастар бастамалар орталығының ұйымдастыруымен "Еркін пікір" атты дөңгелек үстел өткізілді. Оған қаланың белгілі азаматтары мен ардагерлер қатысты.
– Шараның негізгі мақсаты кешегі комсомолда қызмет еткен жастар, бүгінгі құрметті ардагерлердің ақыл кеңестерін тыңдай отырып, жастар арасындағы өзекті мәселелердің алдын алу, сондай – ақ, алдағы келе жатқан Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай ардагерлердің ой – пікірлерін біле отырып, жастар арасында өтетін шараларды жүзеге асыру,- дейді орталық жетекшісі Аманкелді Серікұлы.
Аға буын өкілдері кездесуге ризашылықтарын білдіре отырып, ауыл жастарымен көбірек жұмыс жүргізуді, соғыстан оралмаған боздақтар, соғыс және тыл ардагерлері жайлы деректерді жинастырып, ел арасында кеңінен насихаттау сынды ұсыныс тілектерін ортаға салды.
Шара соңында ардагерлерге естелік сыйлықтар тарту етілді.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы