Жерлестің жеңісі (БЕЙНЕ)

Белгілі дзюдо шебері Ислам Бозбаев Бакуде өткен "Grand slam" аталатын халықаралық турнирде жеңімпаз атанды. ff9c9cd54955a7f8707179c936e9903cИслам бірінші айналымда кілем иесі Аслан Мурзаевты «иппонмен» ұтты. Одан кейін «қызғалдақтылар елінің» намысын қорғаған Ван Ноелді жеңді. Жартылай финалға шығу үшін украин Кеджау Ньябали мен Турал Сафгулиев белдесті. Бұл бәсекеде соңғысының жолы болды. Дегенмен, оны Ислам Бозбаев тоқтатты. Жерлесіміз финалдық белдесуде Әзірбайжан дзюдошысы Маммадали Мехдиевпен шықты. Ислам екі ескерту алған кезде татамидегі тартыс одан сайын қыза түсті. Намысқа тырысқан палуан "юко" ұпайымен қарсыласын қапы қалдырды.
https://www.youtube.com/watch?v=eJEkY5bUiLU
И.Бозбаев – Аманкелді ауданының тумасы. Оның ағасы қазақ күресінің білікті бапкері, марқұм Төлеген Бозбаевтың да есімі елге таныс. Ислам қазір Қарағанды облысында жаттығады. Дзюдо күресінен Азия чемпионы, Гран-при серияларының жүлдегері деген атақтары және бар.photo_40642
Жалпы, бұл турнирге Қазақстан құрамасы 14 дзюдошы апарды. Жүлделер саны бойынша ұлттық құрама бір алтынмен 8-ші орынға тұрақтады.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суреттер мен бейне ғаламтордан алынды

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓