Мейрам алдында жәрмеңке өтеді
Қостанай қаласында кезекті ірі көлемді ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Сауда-саттық іс-шарасына облысқа қарасты аудандар мен қалалардың тауар өндірушілері қатысатын болады.
Жәрмеңке 18 наурызда Абай даңғылы бойындағы 34-үйде ("Емшан" СҮ ауданы) «Каз НИИМЭСХ» ЖШС көрме залы нысанында өтеді. Сауда сөрелеріне, әдеттегіше, ет, сүт, ұн өнімдері мен көкөністер, жемістер қойылады. Басталу уақыты таңғы сағат 9.00-ге белгіленіп отыр.