Nissan Juke көлігі өртеніп кетті (БЕЙНЕ)

Қостанайда темір жол вокзалының алдында автомобиль өртеніп кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. photo_35443Оқиғаның бейнетаспасын куәгерлер жіберген.  Бейненің кадрларында Nissan Juke көлігінің өртеніп жатқанын көруге болады. Арнайы өрт сөндіргіш баллоны арқылы бірнеше ер адам өртті сөндірмекші болып талпынған. Әйел адамның айғайы мен жылаған дауысы естіледі. Болжам бойынша, өрт демалыс күндері болған. 
ІІД қызметкерлері берген алдын ала мәліметтер бойынша, көліктің өртенгені туралы хабар түспеген және салдарынан қаза тапқандар немесе зардап шеккендер туралы әлі мәлімет жоқ. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓