Ашық турнир өтті

Қостанайда  «Алтын дала» гольф федерациясының екінші ашық турнирі жалауын көтерді.Жекелеген спортшылар арасында ұйымдастырылған бұл жарыста Алматы, Астана,Қарағанды қаларынан келген 21 гольфші бақ сынады. 
IMG_1222Турнирге қатысушылар арасында бірнеше мәрте Қазақстан,Ресей чемпионы атанған алматылық Константин Лифанов, еліміздің үздік гольфшілерінің бірі саналатын кәсіби спортшы, астаналық Ербол Сейілбековтер бар. Осымен екінші рет Тобыл төсінде ұйымдастырылып отырған республикалық турнирдің ашылу салтанатына облыс әкімі, облыстық гольф федерациясының президенті  Нұралы Садуақасов қатысты.
-Өткен жылы гольф турнирін алғаш рет өткізген болатынбыз. Сол кезде мұны «Алтын дала» деп атап, бұдан былай жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыруға уағдаластық. Биылғы турнир тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығына арналып отыр,-деп атап өтті аймақ басшысы.
IMG_1187Бұдан кейін республикалық гольф федерациясының вице-президенті Константин Лифанов сөз алып, жақында бір топ қазақстандық тас таяқшылар  спорт шебері, спорт шеберлігіне үміткер нормативін қорғағандықтарын тілге тиек етті. Солардың бірі Қайдар Темірханға салтанатты шара үстінде куәлік табыс етті.
                             
 
 
 
 
 
Айбек Кәдірұлы
Суретті түсірген Айбек Жүзбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓