Әулиекөл ауданына 90 жыл
Бүгін Әулиекөл ауданында өңірдің 90 жылдығына арналған іс-шаралар басталды. Мереке қатысушылары алдымен Батырлар галереясына гүл шоқтарын қойды. Мұнан соң "Туған жерім – алтын бесігім" атты ғылыми-тәжірибелік конференция басталды. Шараға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, академик Кенжеғали Сағадиев, халық ақыны Әсия Беркенова және басқа да елге танымал тұлғалар келді. Конференцияны Әулиекөл ауданының әкімі Жансұлтан Тәукенов жүргізіп отырды.
"Біз бүгін облыстың іргелі өңірлерінің бірі – Әулиекөл ауданының 90 жылдық мерейтойы аясында жүздесіп отырмыз. Осы айтулы мерекеге еліміздің әр түпкірінен зиялы қауым өкілдері, ел ағалары, әр жылдары ауданда басшылық жасаған қайраткерлер, ауданның құрылуы мен дамуына зор үлестерін қосқан азаматтар келіп отыр. Тамыры терең, тарихы бай Әулиекөлдің өткені керемет шежіре десе де болады. «Ауылына қарап, азаматын таны» дейді. Туған ауылының атағын шығарып, бүкіл қазақ даласына, шетелдерге паш еткізген жайсаң жандар қаншама .Әулиекөл жері – осы өңірде дүниеге келген адамдардың қанатын қатайтып, армандарын орындауда күш пен жігер бере алған мекен. Бұл жерден небір ғалым да, ақын да, батыр да, еңбек майталмандары да түлеп ұшқан", – деді Архимед Бегежанұлы.Академик Кенжеғали Сағадиев те өзінің жастық шағы өткен Әулиекөл ауданы туралы лебізін білдірді.
"Мен Әулиекөлде оқыдым. Осында жалаң аяқ су кешіп, асыр салып ойнаған кездерім әлі есімде. Сол замандастарым, туған жеріміздің түлектері қазір жоғарғы дәрежеде қызмет атқарып жатыр. Мен Әулиекөлдің байсалды,тұрақты дамып келе жатқанына қуанамын. Жерлестерімді әрқашан қолдап отырамын", – деді Кенжеғали Сағадиев.Конференция барысында алыс-жақыннан келген қонақтарға ауданның тарихы туралы фильм көрсетілді.
Күннің екінші жартысында орталық алаңда спорт жарысы өтеді.

Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.