Жанның жойқын нокауты

Кәсіпқой боксшы, жерлесіміз Жан Кособуцкий (16-0, 15 КО) Гамбургтегі бокс кешінде америкалық "Танк" лақап аты бар Джои Давейконы (21-8-4, 12 КО) нокаутпен жеңіп, суперауыр салмақта WBA International титулын қорғап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
32 жастағы қазақстандықтың титулды айқасы 12 раундқа есептелген болатын және бокс кешінің басты жекпе-жегі еді. Алайда Жан өзін "Танк" атайтын қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, кәсіпқой рингтегі қатарынан 16-шы жеңісіне жетті. 
Титулды сәтті қорғау қазақстандық боксшыны ауыр дивизион санатында көтеріп, рейтинг көшбасшыларына жақындатуы тиіс. 
 
 
Кейін Германиядағы ең ірі газеттердің бірі Bild журналисі Ральф Шмидт Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Жанның жеңісіне қатысты пікір айтты.
"Бірінші минуттан-ақ Давейконың жеңілетінін уақыт еншісінде екені белгілі болды. Кособуцкий барлық жағынан басым көрінді. Ол өзіне ыңғайлы қалыпта жұдырықтасып, жекпе-жекті бақылауында толық ұстады. Америкалық боксшы шыдамдылығынан басқа ештеңе көрсете алмайтындай болды. Бірнеше соққыны көтере алғандықтан жекпе-жек біраз жалғасады деп ойлаған едік. Америкалықтың шүйдесіне соққы тиді ме? Бұлай деуге келмейді. Кейін денеден ауыр соққы алған Дайвеко тұра алмай қалды. Шүйдесіне соққысыз да Жан жеңетін еді. Ол барлық жағынан мықты болып тұрды. Кособуцкийдің әлеуетіне нақты баға беру қиын, бірақ, ол мықты қарсыластарға дайын", – дейді Шмидт. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓