Қостанайда футболдан халықаралық ашық турнир өтуде
Қостанайда "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамы жүлдесі үшін футболдан халықаралық ашық турнир өтуде. Іс-шараға Астана, Қарағанды, Алматы және Өскемен қалаларынан құрама командалар сондай – ақ, көршілес Ресей Федерациясынан Пермь және Челябі қалаларынан командалар қатысуда. Барлық командалар 13-14 жастағы спортшылардан жасақталған.


Жарысқа қатысушылар турнирді ұйымдастыруға қолдау көрсеткендердің барлығына алғыстарын білдірді. Турнир бес күнге жалғасады. Финалдық ойындар мен турнирдің жабылуы 5 ақпанда өтеді.