Қоғамдық көлікте көз жұмды
Қостанайда 10 наурыз күні №27 маршруттық автобуста әйел көз жұмды. Бұл туралы оқиға куәгерлері Alau.kz порталына хабарлаған.
Қайғылы жайт куәгерлерінің айтуынша, әйелдің денсаулығы күрт нашарлаған. Жолаушылардың арасынан медициналық білімі бар кісі табылады. Ол науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысады: мүсәтір спиртін қолданып, жүрек массажын жасап, жасанды тыныс алдыруға әрекеттенген. Бірақ, өкінішке қарай, оның көмегі болмады. Әйел жедел жәрдем келіп жеткенше көз жұмған.
Оқыс оқиғаның жай-жапсары анықталуда.