Қаламгер академик атанды

Қазақстан Журналистика Академиясы жалпы жиналысының шешімімен қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты Қайсар Әлім Академияның толық мүшесі – академигі болып сайланды.975345_891761094______________________Бұл атақ оған журналистика саласындағы көп жылғы үздік табыстары үшін берілді. Бүкіл саналы ғұмырын қазақ баспасөзінің дамып, өркендеуіне арнаған қарымды қаламгер отызға жуық кітаптың авторы.
«Алашшыл жүрек»,  «Мұңды сапар», «Махаббат жыршысы», «Кәусар», «Мекке, Мәдинам менің!», т.б. туындылары оқырмандар ықыласына бөленді. Оның сегіз томдық шығармалар жинағына енген  хикаяттары мен әңгімелері, новеллалары мен эсселері, журналистік зерттеулері жоғары бағаланды.
Қайсар Әлімнің шығармашылығы туралы Қазақстанның халық жазушылары Сырбай Мәуленов, Әзілхан Нұршайықов, Ғафу Қайырбеков, Алаш арыстарының соңғы тұяғы атанған Гүлнар Міржақыпқызы, белгілі ақындар Серік Тұрғынбеков пен Серікбай Оспанов, Әділғазы Қайырбеков,т.б. жылы лебіз білдірген.
Бүгінде 70 жастың белесіне шалдықпай көтерілген қадірменді әріптесімізге тың шығармашылық табыстар тілейміз.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓