Болашақ жұлдыз

Қостанай ауданы, Затобол кентіндегі Нұржан Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Айша Сартова Екатеринбург қаласында өткен «Берега надежды» халықаралық балалар мен жастар арасындағы жобада өзінің әсем даусымен ерекшеленіп, әділ-қазылардың жоғары бағасына ие болды. Сайыс қорытындысы бойынша, жерелсіміз 1-орынды жеңіп алды. ce2OXorjcAEБұған дейін Айша жаз айында Болгарияның  Солнечный берег қаласында өткен халықаралық «We XXIcentury» фестивалында I орынды қанжығасына байлаған болатын. Вокалдық жетекшісі Наталья Когай әнші қыздың болашағына зор үмітпен қарайды. Өйткені ол әр әнін өз биігіне жеткізіп орындайды. Әуенді жүрегімен түсінеді.Тек облыстың емес, ел намысын асқақтатып жүрген талант иесі жерелстерінің үлкен мақтанышы. Болашақта жас өнерпазымыздың жұлдызы жарқырай берсін. Өнері одан әрі шыңдала беруіне тілектеспіз. a8B7a4vrY_Q
Суреттер Айша Сартованың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓