Пара алмасаң, жазаға да тартылмайсың

Сыбайлас жемқорлықпен күнделікті жүргізіліп жатқан күреске қарамастан қазіргі қоғамда пара алу қылмыстың ең кең таралған түрі болып отыр. Онымен күресу үшін мемлекет оны жоюдың неғұрлым жаңа және тиімді тәсілдерін енгізіп жатыр.OLYMPUS DIGITAL CAMERAҚызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ақпараттандыру үшін Өрт сөндіру қызметінің мәжіліс залында «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету мәтінінде қолданылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдар. Мінез-құлықтың әдеп стандарттары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.OLYMPUS DIGITAL CAMERA«Сыбайлас жемқорлық қоғамның негізін бұзады және азаматтардың құқығын кемсітеді. Заңды қорғауға шақыртылған тұлға жасаған кезде пара алу тіптен қауіпті. Мысалы, Қытайда өткен жылы пара алғандары үшін 10 мың шенеунік өлім жазасына кесілді, Иран елінде де ұрлық үшін кінәліге, заң бойынша, қолын шауып тастау жазасы кесіледі. Ал біздің елде пара алу оның сомасынан 50 есе көлемінде айыппұлмен немесе түрмеде отырумен жазаға тартылады»,  – деп атап өтті Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі Жакупова Гульмира.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаментінің бас маманы Сармулдинов Ермек қатысушыларды ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен белгіленген нормаларды сақтауға баса назар аударуға шақырды.
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Көрнекілік үлгі ретінде соңғы уақытта Қостанай облысында болған шынайы оқиғалардың негізінде түсірілген ең ірі және шулы істердің заң бұзушылық салдары бейнеленген деректі фильм ұсынылды.Түрмеде отырып өз істеген істеріне өкінген шенеуніктер, ақша жымқырудың небір құйтырқы түрлері, қылмыскерлерді ұстау сәтінен бейнежазба және фильмде бұдан да басқа толып жатқан көріністер көрсетілді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓