Білім беру грантының көбі-техникалық мамандықтарға

ҚР-да мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері тамыз айының алғашқы он күндігінде анықталады.
грантҚазіргі кезде еліміздің барлық ЖОО-да талапкерлерден жоғары білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру гранттарына өтініш қабылдау жүріп жатыр. Мемлекет тарапынан мемлекеттік тапсырыспен барлығы 34 165 грант бөлінді. Соның ішінде 31 135 грант күндізгі оқу түрі бойынша болса, 500-і сырттай бөлім мен дайындық бөліміне берілмек. Талдай түссек, 12 мыңнан астам грант техникалық, 5,5 мыңнан астам педагогикалық мамандықтарға, ал 2,5 мыңы ауыл шаруашылығы мен мал дәрігерлігіне, мемлекеттік тапсырыстың жалпы санынан 3510 білім беру гранты педагогикалық оқу орындарына бөлінді. Оған мақсатты түрде бөлінетін білім грантын қосыңыз. Қазіргі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан байқау негізінде мемлекеттік оқыту грантына талапкерлердің қол жеткізе алатын ЖОО тізімі мен саны анықталуда.
 
Гүлназым Сағитова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓