Сот залында әйелін өлтірді
Қостанайда ер адам өз әйелін сот отырысы алдында пышақтап тастады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Амангелді аудандық сотында ер адам өзінің зайыбын өлтірген. Бұл туралы мәліметті аудандық ішкі істер бөліміндегілер растады.
"Шын мәнінде, кісі өлтіру дерегі болды. Қайғылы оқиға Амангелді аудандық сотының ғимаратында болған. Олар ажырасқысы келген. Ер адам әйелін пышақтаған", – деп хабарлады полицейлер. Оқиғаның мән-жайы әзірше белгісіз.