“Тобылдың” бойтұмарын таңдаңыз
«Тобыл» ФК барлық жанкүйерлерді команданың жаңа бойтұмарын анықтауға шақырады
Бірінші үміткер – Жолбарыс.
Мұның авторлары Жолбарысты батылдықтың, жеңіске деген жігерліктің нышаны деп есептейді.
Екінші үміткер – Бұлан.
Бұлан – орманның иесі. Нағыз шыдамдылықтың нышаны делінеді. Бұлан Қостанай облысының аумағында кездеседі.
Үшінші үміткер – Сілеусін.
Сілеусін – Солтүстік Қазақстан облысының аумағын мекендейді. Ол да жылдамдық пен батылдықтың белгісі.
Сілеусін – Солтүстік Қазақстан облысының аумағын мекендейді. Ол да жылдамдық пен батылдықтың белгісі.
Таңдау – сізде! Сауалнама 5 наурызға дейін жалғасады.