Өрт өлім құштырды
Қостанайда дөңгелек жөндейтін шеберханалардың бірінде болған өрттен ер адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Шағын вагонның ішінде ағаш қаңқа мен қабырға өртенген. Ондағы екі ер адам эвакуацияланды. Бірақ олардың бірі – 56 жастағы ер адам ыстан уланып қалғандықтан сол жерде көз жұмды», – деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі.
Зардап шеккендердің екіншісі ауруханаға жеткізілген. Ведомство өкілдерінің айтуынша, өрт жерге төгілген көлік майынан басталған.