Уланған балалар эвакуацияланды
Қостанай облысының оңтүстігінде қар басқан Көктау ауылынан үш науқас бала эвакуацияланды.
Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, құтқару операциясын Солтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағының қызметкерлері жүргізді. Олардың бірнеше шақырым күртік қарды еңсеруіне тура келді. Көктау Арқалықтан 45 шақырым жерде.1,5-7 жас аралығындағы балаларға жедел медициналық көмек қажет болды. Жергілікті фельдшер оларға уланған деген диагноз қойды. Оларды аналарымен және дәрігермен бірге Арқалық қалалық инфекциялық ауруханасына жеткізді.
Қазақпарат