МЫҢ АЛҒЫС ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА!
Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына сәйкес 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялады. Еліміз ұлы жұттан басталған зобалаңнан бастап, одан кейінгі Ұлы Отан соғысы сұрапылында туған жерлерінен үдере көшкен сан-мың ұлысқа ортақ шаңырақ болды. Осы ретте біз Қостанай қаласының тұрғындары арасында сауалнама жүргіздік.

Сіз Алғыс айту күнін атап өтесіз бе? Бұл мерекенің маңыздылығы қандай?
Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай ғұмыр кешуде. Қазақстан – азаматтық келісімді, түрлі мәдениеттер пен діндерді тоғыстырған көпұлтты, зайырлы мемлекет. Алғыс айту күні – патриотизмнің, достық пен бірліктің жарқын дәлелі.
Осы күн Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. Алғыс айту күнінде бір-бірімізді құттықтап, мейрамның маңыздылығын сезінген дұрыс.
Алғыс айту күні – елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының жемісі. Әсіресе, тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этностардың құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі деп білемін. Мұны жас ұрпақ санасына сіңіруі тиіс. Қиын-қыстау заманда ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білген ұлтқа мың алғыс айтамыз. Бұл мереке еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналады деп ойлаймын.


Қазақ пен қырғыз ынтымағы туралы көп жазылды. Ал мұндай мереке осынау аралас-құраластықты одан сайын жақындата түседі. Мен бұл мерекені міндетті түрде атап өтемін. Себебі, мәні зор бастамадан шет қалуға болмайды. Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.
Сол себепті достықты ту етіп, елдің дамуына үлес қоса алатынымзды баршаға көрсетейік.
Сауалнаманы жүргізген Қасқырбай Қойшыманов
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков