Златоустан Маякқа

Биыл алғаш рет бастау алған Сарыкөл ауданының «Еңбек Даңқы» кітабын ауылдан-ауылға салтанатты түрде табыстау рәсімі жалғасуда.маяк
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен облыстың 80 жылдығына арналған аудан-дық эстафета өткен аптада Златоуст ауылында өтті. Златоуст демекші, оның аты аталғанда, Күнтиместі айтпай кету мүмкін емес. Биыл оған да – 80 жыл. Қасиет тұнған бұл жерде бүкіл әлемге танылған қазақтың шоқ жұлдызы – Шоқан Уәлиханов өмірге келді. Әрине, ол өз алдына бөлек әңгіме.
Ал, енді атаулы шараға оралсақ, аудан әкімі Эльдар Күзенбаев арнайы қатысып, сөз сөйлеп, бұл жердің Совет Одағының батыры М.И.Собко, Социалистік еңбек батырлары Н.Н.Желязко мен М.С.Сергиенко және атақты тракторшы Т.А.Өмірзақова сынды еңбек ерлеріне кемде емес екендігін атап өтті. Сондай-ақ, Эльдар Қонысбайұлы кезінде ауылдың ғана емес, елдің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосқан, бүгінде есімдері кітапқа енген ардагерлерге ақ алғысын айтып, құттықтады. Бұдан бөлек, көп балалы ана, «Еңбек Даңқы» ордені иегері У.Е.Есжанова, тыл еңбеккері, тракторшы Н.И.Быков, «Еңбек Қызыл Ту» және Құрмет белгісі ордендерінің иесі А.П. Матиевич, алғашқы тыңгер Л.Н.Павлов және т.б мадақтама мен сыйлықтар табыстады.маяк1
Құттықтау сөздер одан әрімен жалғасып жатты. Педагог ардагер Үмітжан Игілікова өткен сәттен сыр шертті. Әсіресе, тарихи деректерді дәйек етті. Оған қоса, дәл осындай шарапатты шараға ұйытқы болған өңір басшысына аналық алғысын айтты.
Айтпақшы, Сарыкөл ауданының «Еңбек даңқы» кітабы Златоуст ауылының әкімі Қуаныш Тұрымов пен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Көбек Амерхамзиндер Маяк ауылының әкімі Серікбай Есенгелдинов пен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сапар Қадырбаевтарға салтанатты жағдайда табыстады.маяк2
маяк3Ең бастысы, еңбек кітабы тың есімдермен толықты.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓