Алдағы үш тәулік боранды болады

Алдағы үш тәулік бойы Қазақстандағы ауа райына Орал және Батыс Сібір арқылы жылжып келе жатқан циклондар мен атмосфералық фронттар ықпал етеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. боранАтмосфералық фронттар әсерінен кей жерлерде қар жауып, республиканың солтүстік жартысында, яғни Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында боран соғып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады. Еліміздің оңтүстік жартысында жаңбыр, қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Осы фронттардың тылынан антициклон жылжып келеді, сондықтан үшінші күні температура төмендейді, бірақ климаттық нормадан жоғары болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓