Тіркеу – sms-хабарлама арқылы
Жаңа туған нәрестені Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, sms-хабарлама арқылы тіркеуге болады деп хабарлайды 24.kz тілшісі.
Бала өмірге келісімен, оның ата-анасына sms арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер ұсынылады.
Нақтырақ айтқанда, тіркеу, жәрдемақы рәсімдеу, куәлік алу және балабақшаға кезекке қою сияқты машақаты көп жұмысты енді үйден не болмаса перзентханадан шықпай-ақ жүзеге асыруға болады.
Сәби дүниеге келген соң, емдеу мекемесі бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық базасына тіркейді. Кейіннен бұл дерек «Электронды үкімет» порталына түседі.
"Осы қызметті алу үшін біздің азаматтарымыз «Электронды үкімет» порталында тіркелуі тиіс және өздерінің телефондарын ондағы жеке кабинеттеріне байлауы тиіс. Сонда ғана оларға бұл қызмет түрі ашық болады", – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» МК департамент директоры Мұрат Жұманбай.