Өнерпаздарға – миллион теңгеден

Қостанай облысындағы меценаттар клубы – еліміздегі жалғыз бірегей жоба. Ол астықты аймақтағы барлық кәсіпкерлері жыл сайын, өнер мен білімдегі дарынды жандарға, мүмкіндігі шектеулі және басқа да көмекке зәру азаматтарға көмек көрсетіп отырады. IMG_1333Биыл тәуелсіз комиссия алқасына өңірдегі өнерлілер тарапынан 136 өтініш келіп түскен. Үміткерлер бас-аяғы 12 номинация юойынша бақ сынайды. Әділ-қазылар алқасының төрағасы Мұрат Әбеновтің айтуынша, "Театр" және "Хореография" саласындағы қатысушыларды бағалау кезеңі өткен. 
2017 жылға арналған сыйақы көлемі мынадай: "Қазына" (35 жастан бастап) – 1 млн теңге, "Шабыт" – 500 мың теңге. Бағалау кезеңдері аяқталғаннан кейін салтанатты түрде марапаттау рәсімібасталады. Үміткерлерді бағалау құпия түрде өткізіледі.
Соңғы 16 жыл ішінде Меценаттар клубы 394 адамға, 185 млн теңге көлемінде сыйақы берген. Науқас балалардың еміне 16 млн теңге жұмсаған. Клубта 23 кәсіпкер мүшелік етеді. Ұжым жетекшісі – "Иволга-Холдинг" ЖШС-нің басшысы Василий Розинов.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓