Еуропаның ең биік нүктесіне шықты

Қостанай облысы Заречный ауылының 62 жастағы тұрғыны Михаил Терехов  Еуропаның ең биік нүктесіне шықты дейді, Қазақпарат kstnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Михаил Тереховке екі жыл бұрын жүректі шунттау бойынша ота жасалған. Дәрігерлер ол үшін үйде қозғалу қиын болады деген. Ал Михаил тауға шықты. Ол ақпан айында Килиманджароға (5895 метр), ал 17-маусымда Эльбрусқа (5642 метр) көтерілді.тау-Бұл жолы қиындау болды. Мұз, қар, қатты жел, айналаның көрінбеуі біраз қиындық тудырды. Бір мезетте қайта ораламыз деп те ойладық. Тауға шығар алдында Эльбруста тәжірибелі альпинист Владимир Могиланың қаза тапқаны туралы хабар естідім. Алайда жоспарымнан бас тартпадым. Түнгі сағат екіде шықтық, – дейді Михаил.
Михаил Терехов тауға гүл ала барып, оны Приэльбрусьеде қаза тапқан сарбаздардың моласына қойды.
-5000 биіктікте гипоксия болды, бас ауырып, жүрек қатты соғып, ауа жеткіліксіз бола бастады. Жел қатты. Алайда тауға шыққанда терең тыныс алып, бақытты сезіндім. Килиманджарода болғанда Қазақстанның байрағын қолда ұстап тұрдым! – деді М.Терехов.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓