Көрме көрермені болды
Осы демалыс күндері ҚР Ұлттық музейінде "География – мәдени даму бағыты" көрмесі басталды. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминмен бірге аталған іс-шараның ашылуына қатысты. Бұл туралы аймақ басшысы "Инстаграм" желісіндегі парақшасында жазды.

Бұл ауқымды көрмеде қостанайлық қолөнер шеберлері – ағайынды Аңқауовтардың жұмыстары ұсынылған. Олардың еңбектері ерекшелігімен көрермендерінің ықыласына бөленді: ағайынды дарындар патенттелген авторлық тәсілмен жүнді өңдеп, киіз колдану арқылы ұлттық нақыштағы суреттер әзірлейді.

