Композиторлар одағы құрылды

Облыс орталығында " Қостанай облысының Композиторлар одағы" қоғамдық бірлестігі пайда болды.Композиторлар бірлестігі Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы" КМҚК бастамасымен құрылды. Құжаттары ҚР Әділет министрлігінде тіркелді.Композиторлар одағының жетекшісі болып Азамат Мұқатов тағайындалып отыр. Ол қазақ халық әндерін насихаттаушы әнші, композитор, Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының қазақ халық аспаптары оркестрінің әртісі ретінде көпшілікке танымал. Азамат Мұқатов – Қостанай облысы меценаттар клубының" Шабыт " сыйлығының лауреаты, Халықаралық байқаулар мен жиырма шақты фестивальдің лауреаты. Ал оның орынбасары қызметін Бағдат Оспанов атқармақ. Бүгін одақ жетекшісі мен оның орынбасарын облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов қабылдады. Кездесу барысында жаңа одақтың 2022 жылғы жоспарлары мен міндеттері пысықталды. Ерлан Болатұлы қоғамдық бірлестік қызметіне сәттілік, жеміс тіледі.Айта кетейік, Композиторлар одағының құрамына Қалибек Деріпсалдин, Бағытжан Мұқашев, Жарқынбек Деріпсалдин, Марғұлан Оспанов, Бақытжан Сәуекенов, Сергей Кобызев, Сапар Молдабеков, Ақан Кәки Шәріпұлы және Нұрлыбек Есмағамбетов енді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓