Ауыл шаруашылығы алға басады

Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Ермек Көшербаев қостанайлық шаруалардан келіп түскен өтініштерді қайта қарауға уәде етті. Астықты аймақтың еңбеккерлері дайын өнімге берілетін субсидияны алу жүйесіне өзгеріс енгізуді сұрайды. Астанадан келген мейман жергілікті ұжыммен арнайы кеңес өткізген болатын.IMG_7063Көшербаев өз сөзінде былай дейді: «Елбасы халыққа жария еткен соңғы жолдауында ауылшаруашылығына ерекше тоқталған еді. Мәселен, Нұрсұлтан Назарбаев табиғи өнімнің өндіпрісін күшейту керек деп айтты. Бүгінгі күні Қостанайда барлық талаптарға сәйкес, таза өнім өндіретін 30-ға жуық компания жұмыс істеп тұр. Сол кәсіпорындарға лайықты сертификаттарын беру қажет»,-дейді құзырлы министрліктің өкілі.
Қазақстанның аграрлық секторының әлеуеті зор. Оны одан әрі күшейту үшін тиісті инвестицияны тарту, заманау технологиялармен жетіліп, ғылымда бірқатар жетістікке жету керек. Ауылшаруашылығы бұл ретте ел экономикасының дамуына бірден-бір себепкер болмақ. Қостанайлық шаруалар субсидияны бөлу жүйесіне қатысты министрліктің жауапты хатшысына сауал тастады.IMG_7054Бұл сұраққа Ермек Көшербаев қолынан келгенше амал етуге уәде етті.
-Мәселе өте күрделі, бұны дәл қазір шешіп беремін деп айта алмаймын. Бірақ, вице-министрге саулдарыңызды жеткіземін. Жергілікті билік өкілі осыған қажетті құжаттарды әзірледі. Қандай қиын мәселе болмасын, бір шешімін табамыз,-деді ол.
Ауыл шарауашылығына қатысты көптеген түйіткілді мәселелерді бұдан былай шешу оңай болмақ. Өйткені, ағымдағы жылдан бастап шаруашылық кооперативтерін құру бағдарламасы қолға алынды. Соның аясында шаруашылыққа жаңа серпіліс келетіні сөзсіз.


Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓