Ұшақ қонуға мәжбүр болған
Қостанай-Алматы рейсінің экипаж командирі қауіпсіздік ережесін бұзған жолаушыны түсіріп кету үшін ұшағын кері бұрған."Оқиға 24 ақпан күні болды. Ұшақ әуеге көтерілген кезде жолаушылардың бірі құлаққапты шешуден бас тартып, қауіпсіздік ережесін бұзды. Сол себепті экипаж командирі ұшақты кері бұрып, тәртіпке бағынбаған жолаушыны түсіріп кетті", — дейді рейс жолаушыларының бірі.
Осы қылығы үшін тәртіпбұзушыға ұшақпен ұшуға бес жылға дейін тыйым салынуы мүмкін. Әзірше ұшақтың қай әуе компанияға тиесілі екендігіні белгісіз. Қостанай әуежайы бұл туралы ақпарат беруден бас тартты.